Ссылки доступа

Тәжікстанның Жоғарғы соты 12 жастағы қызды зорлау ісі бойынша шығарылған үкімнің күшін жойды


Тәжікстанның Жоғарғы соты 12 жастағы қызды зорлады деп айыпталушыға қатысты Гиссар қалалық соты шығарған үкімнің күшін жойды. Іс қайта тергеуге прокуратураға жіберілді.

Азаттық радиосы тәжік қызметінің дереккөзінің мәліметінше, жәбірленуші тараптың адвокаты тергеу ісіндегі кемшіліктер жөнінде шағым түсіргеннен кейін үкім күші жойылған.

2020 жылдың 9 желтоқсанында Гиссар қалалық соты 12 жастағы қызды зорлады деп айыпталған 32 жастағы жергілікті тұрғынды 5 жылға бас бостандығынан айырып, бірақ рақымшылық заңына сәйкес, сот залынан босатқан. Бұл шешім қоғам наразылығын туғызған.

Изнасилованная девочка ищет справедливости
пожалуйста, подождите

No media source currently available

0:00 0:02:50 0:00

Тәжікстан заңдарына сәйкес, адам зорлау ісі бойынша 12 жылдан 25 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы немесе өлім жазасы қарастырылған. Елде 2004 жылдан бастап өлім жазасына мораторий жарияланған.

XS
SM
MD
LG