Ссылки доступа

Өзбекстан түрме мен сотталушылар санын жариялады


Өзбекстанда 68 түзеу мекемесінде 22 мың адам жазасын өтеп жатыр. Осындай деректер елдің Олий мәжілісінің қорғаныс және қауіпсіздік комитетінде айтылды.

Ресми мәлімет бойынша, Өзбекстанда қазір 54 абақты бар. Олардың 18-і жабық түрме, 25-і түзеу колониясы және 11-і тергеу изоляторы.

Ішкі істер министрлігінің дерегі бойынша, түрмеде 22 мың адам жазасын өтеп жатыр. Олардың 7 мыңы жалпы режимдегі колонияда, 14 мыңы жабық түрмеде отыр.

"Жазасын өтеу мекемелерінде ашықтықты қамтамасыз ету үшін және зорлық-зомбылықтың алдын алу үшін 54 абақтыға 3280 видео арқылы бақылау құрылғысы орнатылған", - делінген хабарламада.

XS
SM
MD
LG