Ссылки доступа

Қырғызстанда бір жылда мемлекеттің қарызы 380 млн долларға өскен


2020 жылдың 30 қарашасындағы жағдай бойынша, Қырғызстанның мемлекеттік қарызы 4 млрд 887 млн 46 мың долларға жеткен. Осылай деп қаржы министрлігінің баспасөз қызметі хабарлайды.

Елдің сыртқы қарызы аталған соманың 86,3 процентін құрайды немесе 4 млрд 218 млн 38 мың доллар, ал ішкі қарыз 13,7 процент немесе 669 млн доллар. Қырғызстан Қытайдың Экспорттық-импорттық банкіне 1 млрд 782 млн 37 мың доллар берешек. 671 млн доллар Халықаралық даму қауымдастығына, 600 млн доллар Азия даму банкіне қарыз.

Бір жыл бұрын мемлекеттің қарызы 4 млрд 503 млн 48 мың доллар болған. Бір жыл ішінде 383 млн 980 мың долларға өскен.

XS
SM
MD
LG