Ссылки доступа

Түркияда ұсталған өзбек журналисі Абдукарим Мирзаев босатылды


Түркияда ұсталған өзбекстандық журналист әрі режиссер Абдукарим Мирзаев 12 қаңтарда босатылды. Бұл жөнінде Registon TV онлайн-телеканалы хабарлады.

"Қазір Абдукарим Мирзаев отбасымен бірге үйінде. Таяу уақытта тікелей эфирге шығып, болған жағдайдың бәрін өзі айтып береді", - делінген хабарламада.

Абдукарим Мирзаевтың ұсталғаны туралы мәлімет 11 желтоқсанда жарияланған.

Кейін Өзбекстанның бас прокуратурасы журналистің ұсталуына ресми Ташкенттің еш қатысы жоқ деп мәлімдеді. Оған қатысты іздеу де жарияланбағанын айтқан.

38 жастағы Абдукарим Мирзаев Өзбекстанда журналист, кинорежиссер әрі блогер ретінде жақсы таныс. 15 жыл ішінде ол "Пойтахт", "Замин" радиоларында және "Ёшлар", "Өзбекстан" телеканалдарында жұмыс істеген.

Ол сонымен бірге Қырғызстан оңтүстігіндегі 2010 жылғы оқиғаны суреттейтін "Изтироб" («Азап шегу») деректі фильмінің авторы.

XS
SM
MD
LG