Ссылки доступа

Тәжікстанда төрт жастағы қызға сексуалдық озбырлық көрсеткен әйел сотталды


Въезд в Турсунзаде
Въезд в Турсунзаде

Душанбе қаласының Сино аудандық соты Турсунзаде қаласының 25 жастағы тұрғынын төрт жастағы қызға сексуалдық озбырлық жасағаны үшін 11,5 жылға соттады.

Сот мәліметі бойынша, Одина Хайдарова қызға осындай қорлық көрсету арқылы оның анасынан кек алмақ болған.

Бұның алдында Хайдарова тағылған айыптарды "жала", "бұрынғы келіннің жасап отырған ісі" деп атаған.

Бас прокуратураның хабарлауынша, сот үкімі 8 қаңтарда шыққан. Хайдарова жазасын жалпы режимдегі колонияда өтейді.

"2020 жылғы 1 тамызда үйде ешкім жоғын пайдаланған ол М. ұйықтап жатқан бөлмеге кіріп, қыздың жыныстық мүшесіне сәбіз тыққан, сөйтіп оның мүшесін қатты жарақаттаған", - делінген Бас прокуратура хабарламасында.

Сотталушы мен оның адвокатынан үкімге қатысты пікір алу мүмкін болмады. Олардың сот үкіміне шағым түсірер-түсірмесі әзірге белгісіз.

Тәжікстанда кісі зорлау қылмысы үшін 12 жылдан 25 жылға дейін соттайды немесе өмірлік түрме жазасына кеседі.

XS
SM
MD
LG