Ссылки доступа

Өзбекстанда президент сапары қарсаңында жолды жапқан әйелдерге арзан көмір ұсынған


 Митингующие перекрыли дорогу в Пахтакорском районе Джизакской области 11 января - скриншот видео
Митингующие перекрыли дорогу в Пахтакорском районе Джизакской области 11 января - скриншот видео

Өзбекстанның Жизақ облысында мемлекет басшысының аймаққа сапары қарсаңында жолды жапқан әйелдерге арзан көмір ұсынды. Тұрғындар газ бен жарық жоқтығына наразы.

Жергілікті әкімшіліктің хабарлауынша, Жизақ облысы басшысының орынбасары жолды жапқан әйелдермен кездескен. Сол күні наразы тұрғындар арзан көмір алған.

11 қаңтарда әлеуметтік желілерде бір топ әйелдің наразылыққа шығаны туралы видео тарады.

Сол күні президент Шавкат Мирзияев қысқа мерзімді демалыстан шығып, Жизақ облысына сапармен келген.

2016 жылы президент сайлауы қарсаңында Шавкат Мирзияев тұрғындарды газбен, жарықпен қамтамасыз етуге уәде берген.

Бірақ былтыр күзде елде электр қуаты саласында дағдарыс болды. Қараша айынан бастап республиканың бірнеше аймағында тұрғындар бірнеше мәрте наразылыққа шықты.

XS
SM
MD
LG