Ссылки доступа

Өзбек үкіметі Ташкент облысында әскери техника өндіруді көздеп отыр


Ташкент облысындағы Нурафшане қаласында әскери техника өндіру жөніндегі жобаны жақында президент Шавкат Мирзияевқа таныстырған.

Жергілікті ақпарат құралдарының мәліметі бойынша, әскери және арнайы техника өндіру жөніндегі жоба құны - 55 миллион доллар.

Өзбекстан ұлттық банкі жобаны жүзеге асыру үшін 39 миллион доллар, ал "Nurafshon-Maxsus-Texnika" компаниясы 16 миллион доллар бөледі. Өндірісті Krantas Group және Тойтепа металл құрылмалары зауыты ұйымдастырады.

Хабарларға қарағанда, 2021 жылдан бастап мұнда 100 жеңіл бронды Tarlon және Shield автокөлігі шығарылады. 2022 жылдан бастап арнайы техника өндіріле бастайды.

XS
SM
MD
LG