Ссылки доступа

Тәжікстанда экстремизм үшін сотталған 80 жастағы қарияның туыстары Жоғарғы сотқа шағымданды (видео)


Тәжікстанда экстремизм айыбымен жеті жылға бас бостандығынан айырылған 87 жастағы Дониёр Набиевтің туыстары сот үкімін қайта қарап, оған шартты жаза беруін сұрап Жоғарғы сотқа қайрылды.

"Дониёр өкпе құрты ауруымен ауырады, қазір дерті асқынып кетті. Емделуге жағдайы жоқ. Сондықтан үкімді қайта қарауын сұрап Жоғарғы сотқа өтініш бердік", - дейді сотталушының адвокаты Зоир Давлатёров.

2020 жылы желтоқсанның аяғында Душанбенің Исмоили Сомони аудандық соты Дониёр Набиевті елде тыйым салынған "Исламның қайта жаңғыру" партиясының абақтыда отырған мүшелеріне "материалдық жәрдем көрсеткені үшін" жеті жылға еркінен ажыратқан.

Тәжікстан ішкі істер министрлігінің мәліметіне сәйкес, Нобиев "үшінші елдер арқылы бір мемлекеттердің арнайы қызметі бөлген қаражатты алып, экстремистік идеяларды тарату, сонда мазмұндағы әдебиет сатып алу, жастарды жиһадшы топтарға шақыру үшін жұмсаған".

Адвокаттың сөзінше, тергеу кезінде Нобиев өз қаражатынан саяси тұтқындардың отбасына көмек ретінде 200 және 300 сомони бергенін мойындаған. Бұдан бөлек ол қамаудағылардың шетелдегі туыстарынан екі рет ақша алғанын айтқан.

В Таджикистане 80-летнему старику дали 7 лет тюрьмы за помощь членам запрещенной ПИВТ
пожалуйста, подождите

No media source currently available

0:00 0:03:57 0:00

Набиевтің інісі Асомиддин ағасының "адамдарға көмектесіп келгенін" жеткізді.

Былтыр БҰҰ-ның жұмыс тобы партияның бірқатар мүшелерінің істерінде ешқандай қылмыс болмағанын айтып, оларды босатуға үндеген. Душанбе мұны елемеді.

XS
SM
MD
LG