Ссылки доступа

Қырғызстанда президенттікке үміткер болған экс-шенеуніктің әйелі тергеуге шақырылып, жансақтау бөліміне түсті


Қырғызстанда ішкі істер министрінің бұрынғы орынбасары, президенттікке үміткер болған Курсан Асановтың әйелі Күлнара Үсөнканова тергеуге шақырылып, ауруханадан бір-ақ шықты.

Ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметі хабарлағандай, ол 11 қаңтарда тергеуге шақырылып, бірақ сол жерде өзін нашар сезінген. Әскери медициналық қызметтің дәрігерлері оның жағдайын қарап, ауруханаға жолдаған. Айтуынша, ол қазір Ұлттық госпитальдың неврология бөліміне жатқызылған.

Бірақ Күлнара Үсөнканованың адвокаты Таалайгүл Токтакунова оның инсульт алғанын, қазір жансақтау бөлімінде жатқанын айтты. Ол арнайы қызметтің тергеуіне адвокатсыз барған екен.

Ұлттық қауіпсіздік комитеті 7 қаңтарда Курсан Асановтың әйелі алаяқтық және салықтан жалтару бойынша күдікке ілінгенін және оған сотқа дейінгі тергеу ісі басталғанын мәлімдеді.

Асанов 6 қаңтарда мемлекеттік телеарнада өткен дебатта өзінің және отбасының құқықтары бұзылып жатқанын айтқан.

Курсан Асанов 10 қаңтарда өткен президент сайлауына қатысып, сайлаушылардың 0,5% дауысын алды.

XS
SM
MD
LG