Ссылки доступа

Ошта дүкен тонады деген күдікпен төрт өзбек азаматы ұсталды


Қырғызстан оңтүстігіндегі Ош қаласында телефон сатқан дүкенді тонады деген күдікпен Өзбекстанның төрт азаматы ұсталып, уақытша тергеу абақтысына қамалды. Бұл туралы қалалық ішкі істер басқармасы хабарлады.

Ақпаратқа қарағанда, 8 қаңтар күні дүкеннен жалпы сомасы 500 мың сом болатын телефон ұрланған.

"Оларға тінту жүргізгенде, дүкенге тиесілі телефондар, пышақ және тапанша табылды", - дейді Ош қалалық милицияның баспасөз хатшысы Абсаттар Тавакалов.

Бұл оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүріп жатыр.

XS
SM
MD
LG