Ссылки доступа

Наманганганда метан газының тапшылығына наразы халық акция өткізді (видео)


13 қаңтарда Өзбекстанның Наманган қаласындағы елу шақты көлік жүргізушісі орталықтағы "Чорсу" алаңына жиналды. Олар метан газының тапшылығына наразы.

Бар болғаны 20-25 секундқа созылған видеода ондаған ер азамат бейнеленген. Олардың бірі: "Мұнда Намангандағы барлық жүргізуші жиналды", - деді.

Акцияға қатысушылардың бірінің айтуынша, "жүргізушілердің мәселесі көп, бірақ алаңға жиналуына газ құю бекеттеріндегі кезек себеп болды".

"Бізге газ таңғы сағат бестен түскі үшке дейін сатылады деген, бірақ сағат 11-де газ таусылып қалды. Ол бір күнге ғана жетеді. Түнде кезекке тұру керек болады. Басқа да жүргізушілер осындай қиыншылыққа тап болды", - дейді күніне бес сағат кезекте тұруға мәжбүр болған жүргізуші.

10 қаңтарда түнде Наманган қаласындағы газ құю бекетінде 68 жастағы жүргізуші қайтыс болды.

Бір күннен соң әлеуметтік желіде кезекте тұрған бір автокөліктің өртенгені түсірілген видео тарады. Жүргізуші кезекте тұрған. Бұл оқиғадан ешкім зардап шекпеген.

Еске салайық, былтыр 16 желтоқсанда өткен үкімет жиналысында президент Шавкат Мирзияев газ экспортын азайтып, оны халық сұрауын өтеуге жұмсауды тапсырған.

XS
SM
MD
LG