13 қаңтарда түнде жарияланған видеода ондаған адам автокөлік жолын жапқанын көруге болады. Олар жарықсыз отырғанына шағымданды.
"Газға жауапты бастықтар келсін, шыдамымыз таусылды", - дейді наразылыққа шыққан әйелдердің бірі.
Ферғаналық блогер Зафарбек Солиджоновтың айтуынша, Алтыарык тұрғындары бұның алдында аудан әкімшілігіне барған, бірақ олардың бұл әрекетінен түк шықпаған.
"Ферғана облысына қарасты Алтыарык ауданының тұрғындары көшеге шықты. Олар газ бен жарықтың жоқтығына шағымданды. Олар түрлі мекемелерге шағымданған, бірақ нәтиже болмаған", - деп жазды блогер өзінің Telegram-дағы парақшасында.
Жол жапқан халықпен кездесуге Алтыарык ауданының басшысы келген. Басшылық халық талабын орындауға уәде берген соң ғана наразы топ тараған.
Әкімшілік 13 қаңтарда мәселе шешілді дейді.
Өзбекстанда бір айдың ішінде алты мәрте наразылық акциясы тіркелді. Екі күн бұрын Жизақ тұрғындары жолды жауып, газ бен жарық талап еткен.
11 қаңтарда ондаған адам Пахтакор ауданында жолды жапқан. Бұның алдында халық наразылығы Бұхара, Каракол, Музрабат аудандарында, сонымен бірге Әндіжан және Қоқан қалаларында тіркелген.