Экономиканың барлық саласы зардап шеккен. Өнеркәсіп көлемі 6,6 пайызға, құрылыс 15,9 пайызға, сауда 16,1 пайызға төмендеді. Ауыл шаруашылығы ғана 1,1 пайыз өсім берген.
Ішкі жалпы өнім 1994 жылдан бері алғаш рет 8 пайызға құлдырап отыр. 26 жыл бұрын республика экономикасы 20 пайызға төмендеген еді.
2020 жылы инфляция 9,7 пайыз болды. Азық-түлік пен алгокольсіз сусын 17,6 пайызға қымбаттаған.
Былтыр 11 айда сыртқы сауда 5,1 млрд доллар болды. Бұл 2019 жылмен салыстырғанда 19,2% аз. Импорт 27,3% төмендесе, экспорт 1,7% көтерілген. Бұған әлем нарығында алтын құнының өсуі себеп болған. Алтын республиканың экспортқа шығаратын басты өнімі болып қалды.