Ссылки доступа

Сот үкімдерін әлеуметтік желіде сынаған тәжік заңгері 8,5 жылға сотталды


Саиднуриддин Шамсиддинов
Саиднуриддин Шамсиддинов

Тәжікстанда адвокат Саиднуриддин Шамсиддинов әлеуметтік желілерде прокурорлар мен судьялардың әрекеттерін үнемі сынап келген, енді оны Вахш қалалық соты сегіз жарым жылға соттады.

Сот оны Тәжікстан Қылмыс кодексінің жеті бабы бойынша айыпты деп таныды. Олардың арасында жерге қатысты заңсыз келісім жасау, алаяқтық және жалған ақпарат тарату баптары бар. Шамсиддиновтың туыстары адвокат әділет үшін күресі үшін қудаланды деп отыр.

Адвокаттың судьялар мен прокурорларға қатысты жазғандары әлеуметтік желілерде әлі кездеседі. Мысалы, ол: "Хатлондағы судьялардың кейбірі жаман жолға түсіп, кедейлерді негізсіз соттап жүр", - деп жазған.

Адвокаттың туыстары мен қорғаушысы сот үкімімен келіспейтінін, жоғары инстанцияға шағымданатынын айтты.

Шамсиддинов ісіне қатысты соңғы сот отырысы былтыр 25 желтоқсанда өтті. Сотталушы соңғы сөзде өзіне тағылған айыптардың бәрін жоққа шығарды.

XS
SM
MD
LG