Ссылки доступа

Тәжікстанда қамауда отырған оппозициялық саясаткерге қосымша айыптар тағылды


Махмурод Одинаев
Махмурод Одинаев

Гиссар қалалық прокуратурасы Тәжікстанның Социал-демократиялық партия төрағасының орынбасары Махмурод Одинаевқа қосымша айыптар тақты. Ол халықты экстремистік іс-әрекеттерге ашық шақырды деген күдікке ілінген.

Бұл жөнінде Азаттық дереккөзі хабарлайды.

Гиссар қалалық прокуратурасы Махмурод Одинаевқа қатысты екі бірдей қылмыстық іс қозғалғанын растады. Ол осының алдында бұзақылық жасады деп ұсталған.

Махмурод Одинаев 20 қарашада Фейсбуктағы парақшасы арқылы Душанбе мэрі Рустам Эмомалиге үндеу жасап, азық-түліктің қымбаттауына байланысты наразылық акциясын өткізуге рұқсат сұрағаннан кейін хабарсыз кеткен.

5 желтоқсанда бас прокуратура Одинаев ұсталғанын мәлімдеді. Ресми мәлімет бойынша ол қазан айында Гиссардағы әскери мекемеде тәртіпсіздік жасаған.

Социал-демократтар партиясы - Тәжікстандағы жалғыз оппозициялық партия.

Елді 1992 жылдан бері басқарып келе жатқан президент Эмомали Рахмон оппозицияшыл саяси топтарды, құқық қорғаушыларды, еркін журналистерді қуғындағаны үшін сыналып келеді.

XS
SM
MD
LG