Ссылки доступа

HRW Орталық Азиядағы адам құқықтарына қатысты есебін жариялады


Отчет HRW о нарушении прав человека в странах Центральной Азии. Что в нем сказано
пожалуйста, подождите

No media source currently available

0:00 0:03:14 0:00

Human Rights Watch халықаралық құқық қорғау ұйымының зерттеушілері 2020 жылы әлемде адам құқықтарының жағдайы қалай болғаны жөніндегі есебін жариялады. Орталық Азияға да арнайы тоқталған.

HRW Қазақстандағы жағдайды адам құқықтары саласындағы реформалары сәтсіз болды деп атап өткен. Биліктің азаматтық белсенділерге қарсы қылмыстық іс қозғауы, сөз бостандығының бұрынғыдай басып-жаншылуы, наразылық білдірушілердің күшпен ұсталуы есепке алынған.

"Мирзиёев говорит о большей открытости, но на самом деле этого не происходит"
пожалуйста, подождите

No media source currently available

0:00 0:06:02 0:00

Сарапшылар құқық қорғаушы Макс Боқаевтың заңсыз түрмеде отыруы мен «Көше партиясы» ұйымына салынған тыйымды да атап өткен.

Сонымен бірге карантин кезінде биліктің іс-әрекетін сынға алған журналистерді қуғындап, оларға қарсы қылмыстық іс қозғалуына да алаңдаушылық білдірген.

Бірақ "жала жабуды" қылмыстық жауапкершіліктен алып тастауына оң баға берген.

Қырғызстанда өмір бойы түрме жазасына кесілген Азимжан Асқаровтың өлімін өткен жылдың ең бұлыңғыр тарих беттері ретінде атап өткен HRW. Оның ісі саяси болды, кінәсі дәлелденбеді делінген.

Қырғызстанда былтыр күзде өткен парламент сайлауында да әділетсіздік болғаны, билік партиясының дауысты сатып алғаны да жазылған. Есепте 8 наурызда өткен бейбіт маршқа шыққандарды күшпен тарату да айыпталған. Милиция 70 адамды ұстады, оларға адвокаттар жіберілмеді делінген. Құжат авторлары аймақта әйелдердің құқықтары жүйелі бұзылатынына алаңдайды.

Таджикистанские оппозиционеры рассказали о давлении со стороны властей
пожалуйста, подождите

No media source currently available

0:00 0:02:48 0:00

Тәжікстанда адам құқықтарының жағдайы нашарлап барады. Билік өзінің қарсыластарына қарсы репрессияны күшейтпесе, әлсіреткен жоқ. Былтыр елінде тыйым салынған "Исламның қайта жаңғыруы" партиясының кемінде екі мүшесі сотталды.

Түркіменстанда коронавирус пандемиясы онсызда экономикалық қиындық көріп жатқан халықтың жағдайын күрт нашарлатты деп атап өткен HRW сарапшылары. Билік елінде COVID-19 эпидемиясы барын теріске шығарып келеді. Елде дәрі-дәрмек жоқ деп шағымданғандарға қарсы қысым көрсетіліп жатыр.

Былтыр АҚШ, Түркия және Солтүстік Кипрде тұратын түркімендер еліндегі жағдайға қарсылық білдіріп наразылық шараларын өткізген. Осыдан кейін олардың Түркіменстандағы туыстары қуғындала бастады.

Выходцы из Туркменистана уже несколько дней протестуют в США против Бердымухамедова
пожалуйста, подождите

No media source currently available

0:00 0:03:05 0:00

HRW зерттеушілері Шавкат Мирзияев билікке келгеннен кейін адам құықтарының жағдайы жақсарғанын мойындайды. Бірақ саяси жүйе авторитарлы күйінде қалып отыр дейді. Былтыр бес саяси тұтқынды түрмеден босатқан.

Бірақ Өзбекстанда бюджет қызметкерлерін бұрынғыдай мақта теруге мәжбүрлейтіні айтылған. Елде Азаттық радиосының өзбек қызметі Озодлик сайты әлі бұғаттаулы.

XS
SM
MD
LG