Ссылки доступа

Қырғызстанда наразылық акциясына шыққандардың бірі өзін өртемек болды


14 қаңтарда Нарын қаласында мүмкіндігі шектеулі азаматтардың акциясы кезінде біреуі өзін өртемек болды.

Нарын облысы әкімдігі алдына "Насип Кайып" бірлестігінің төрайымы Замира Абдраева бастап 7-8 адам жиналды.

Азаттық тілшісінің хабарлауынша, қатысушының бірі өзіне бензин құймақ болған. Бірақ оны қадағалап тұрған милиция өкілдері тоқтатқан. Олар журналистерге пікір білдіруден бас тартқан.

Наразылыққа шыққандар қала басшылығынан "Мәскеу" шағын ауданындағы муниципалды үйдің 10 пәтерін жекешелендіріп беруін сұраған. Қала әкімі Нұрбек Молдокадыров бұл заң аясында орындалуы тиіс дейді. Ол үшін арнайы комиссия құрылуы қажет екен.

Аталған үйде қазір 10 отбасы тұрып жатыр. Ол 2018 жылы бюджет есебінен 15 млн сомға (177 мың доллар) салынған.

XS
SM
MD
LG