Ссылки доступа

Грекиядағы сот тәжік азаматын қамаудан босатты


Сотрудники греческой полиции у здания суда. Иллюстративное фото
Сотрудники греческой полиции у здания суда. Иллюстративное фото

Грекиядағы сот Тәжікстан азаматы Саъди Рахматовты қамаудан босатты. Ол былтыр 4 қарашада "Ислам мемлекеті" тобына мүше деген күдікпен ұсталған.

Рахматовтың ИМ-ге мүше екені дәлілденбеді, деп хабарлады Озоди радиосына күдіктінің туысы Шарофиддин Гадоев. Сот Саъди Рахматовтың Грекияда саяси босқын мәртебесін алғанын ескерді. Сол себепті сот оны Тәжікстанға экстрадициялаудан бас тартты.

27 жастағы Саъди Рахматовты былтыр 4 қарашада Триполи қаласының полициясы ИМ-ге мүше деген күдікпен ұстаған. Полициядағы дереккөздің The National Herald басылымына хабарлауынша, тәжік азаматы 2017 жылы Грекияға заңсыз кірген. Ол өзін "тәжік оппозициясы жетекшісінің күйеу баласы" деп таныстырып, Тәжікстаннан кетуге мәжбүр болғанын айтқан. Содан кейін ол уақытша саяси босқын мәртебесін алған.

Кейін Рахматовтың Тәжікстан дамуы және реформа үшін оппозициялық қозғалысының жетекшісі Шарофиддин Гадоев әпкесінің күйеуі екені мәлім болды.

Еске салайық, 2019 жылы 15 ақпанда Тәжікстан ішкі істер министрлігі Гадоев елге өз еркімен оралды деп мәлімдеген. Бірақ оппозиция өкілдері мен халықаралық ұйымдар Гадоевті Мәскеуде ұстағанын хабарлаған. Екі аптадаған соң тәжік билігі Шарофиддин Гадоевты босатты. Ол Душанбеден немістің Франкфурт қаласына 2 наурызда таңертең ұшып келді.

XS
SM
MD
LG