Душанбе мен Ташкент арасында қатынайтын рейстерді сәрсенбі және жұма күндері "Сомон Эйр" және "Узбекистон ҳаво йуллари" әуе компаниялары жүзеге асырады, деді Субхонзода. Оның айтуынша, Өзбекстанмен әуе қатынасын қалпына келтіру жөніндегі шешімді коронавирус пандемиясымен күрес жөніндегі республикалық штабы қабылдаған.
Тәжікстан мен Өзбекстан арасындағы әуе рейстері былтыр наурыз ауының ортасында коронавирус пандемиясына байланысты тоқтаған.