Ссылки доступа

Байден "Американы құтқару жоспарына" $1,9 трлн бөлуді ұсынды


Избранный президент США Джо Байден

АҚШ-тың жаңадан сайланған президенті Джо Байден бейсенбі күні кешке коронавирус пандемиясынан зардап шеккен америкалық экономикаға көмектесу жоспарын таныстырды.

Байден стратегиясы "Американы құтқару жоспары" деп аталды. Соның аясында халыққа ақша төленіп, шағын кәсіпке көмек беріледі, вакцинация шығыны өтеледі.

Байденнің айтуынша, "ұлт денсаулығын сақтап қалу үшін дәл қазір іске кірісу керек". Жоспарды жүзеге асырған соң оның пайдасы шығынды толықтай жабады. "Инвестиция жаңа жұмыс орындары болып қайтады, сөйтіп экономикаға тиген зардаптың орнын толтырады. Дағдарыс кезеңінде қол қусырып қарап отыра алмаймыз", - деді Байдан.

Жоспарға сәйкес, шамамен бір триллион доллар миллиондаған америкалықтарға бір реттік төлем ретінде таратылады. Шешім желтоқсанда қабылданған. 415 миллиард пандемиямен күреске және вакцинацияға бөлінеді. Тағы 440 миллиард шағын кәсіпті қолдауға аударылады.

Байден жоспарына сәйкес, жалға берілген үйлерден адамдарды шығаруға және мүліктерді банктердің алып қоюына қырүйекке дейін моратория жарияланады. Ең төменгі жалақы көлемі екі есе өсіп, сағатына 15 доллар болады.

АҚШ Конгресіндегі демократтар жетекшілері жаңадан сайланған президенттің бағдарламасын қолдап отыр.

XS
SM
MD
LG