Куәгерлердің айтуынша, шекара аймақтарын айналып ұшып жүрген тікұшақ тұманнан жоғарғы вольтты электр сымдарына соғылып, кабинадағы үш шекарашы қаза тапқан. Әзірге олар туралы толық мәлімет жоқ.
Италияда жасалынған Agusta AW109 тікұшағы қайсы шекара бекетіне тиесілі екенін де анықтауға мүмкін болмады.
Бірқатар мәліметтер бойынша 14 қаңтар күні қайғылы оқиға болған жерге елдің қорғаныс министрі Бегенч Гундогдыев барып келген.