Ссылки доступа

Тәжікстанда кәмелеттік жасқа толмағандарға сексуалдық зорлық көрсеткендерге жаза күшейеді (видео)


Парламент Таджикистана занялся секс-преступлениями в отношении детей
пожалуйста, подождите

No media source currently available

0:00 0:03:28 0:00

Тәжікстанда жасы кәмелетке толмағандарға сексуалдық зорлық-зомбылық көрсеткендерге қарсы жазану күшейту мәселесі қарастырылып жатыр. Парламент депутаттары мұндай қылмыс жасағандарды ата-аналық құқықтан ажырату және балаларды тәрбиелеуге байланысты жұмыстардан шеттетуді ұсынып жатыр.

Депутаттар ұсынысына сәйкес, сутенерлар, сауықхана иелері және балалардың денсаулығына әдейілеп зиян келтірген азаматтар да ата-ана құқығынан айырылуы керек.

Сонымен бірге Тәжікстанның азаматтық қоғам өкілдері де "Кәмелеттік жасқа толмағандарға қарсы сексуалдық қылмыс жасау" заңына өздерінің өзгертулерін ұсынып жатыр. Олар билікті 14 жасқа дейінгі балалармен болған барлық жыныстық қатынастарды, оның ішінде өзара келісіммен болған жағдайларды да қылмыс қатарына жатқызуға, мұндай қылмыс жасағандарға рақымшылық бермеуге шақырады.

Қаңтар айының басында азаматтық қоғам өкілдері президент Эмомали Рахмонға және парламенттің екі палата төрағаларына үндеу жасап, Тәжікстандағы балаларды сексуалдық зорлық-зомбылықтан қорғауды сұраған.

2020 жылы желтоқсанда Гиссар қалалық соты жасы кәмелетке толмаған қызды зорлады деп айыпталған ер адамды бес жылға соттап, бірақ рақымшылық заңына сәйкес, оны сот залынан босатқан. Соттың бұл шешімі әлеуметтік желі қолданушыларының наразылығына әкелді.

XS
SM
MD
LG