Ссылки доступа

Өзбекстанда Тәжікстандағы су қоймасында апат болды деп жалған хабар таратқандар ұсталды


Кайраккум ГЭСи. Август 2019-жыл
Кайраккум ГЭСи. Август 2019-жыл

Өзбекстанда Тажикстандагы Қайракум су қоймасында апат болып, одан шыққан су Сырдария облысының аймағын басып қалды деп жалған мәлімет таратқан бірнеше адам ұсталды.

Олардың бірі бұл мәліметте Youtube каналынан көріп, жақындарына ескертіп қою үшін сілтемесін жібергенін айтқан. Ал тұрғындар оны басқа адамдарға жіберіп, мәлімет облыстағы Мирзаабад және Ақалтын аудандарына жайылып кеткен. Осыдан кейін бірқатар тұрғындар үйін тастап қашып үлгерген.

Жексенбі күні Қайраккум ГЭС-нің директоры Файзулло Авазов он жылдан кейін электр станциясын қайта жөндеу бойынша арнайы жоспар құрылғанын мәлімдеді. Оның айтуынша, наурыз айында басталатын қайта жөндеу жұмысы аясында ГЭС-тің барлық алты гидроагрегаты, сонымен бірге басқа жабдықтары толық алмастырылады. Жөндеу жұмыстары 57 айға созылып, 2023 жылға қарай толық аяқталады деп жоспарланып отыр.

Сырдария өзені бойында салынған Кайраккум ГЭС-і Соғды облысы үшін электр энергияның жалғыз көзі болып саналады. Бұдан бөлек Өзбекстан мен Қазақстанның егінді аймақтарын суғаруға жұмсалады. Оның ұзындығы - 55 шақырым, ең терең жері - 25 метр. Жалпы қуаттылығы 3,5 миллиард куб метрге жетеді.

Ресми мәліметке қарағанда, еуропалық GE Renewable Energy компаниясы Кайраккум ГЭС-ін қайта жөндеуге 150 миллион доллар бөліп, бұл бойынша 2019 жылы "Барки Точик" ұлттық энергохолдингімен келісімге келген. Оған сәйкес, Тәжікстан 50 миллион доллардан астам қаражатты грант, қалғанын ұзақ мерзімге жеңілдетілген несиеге алады.

XS
SM
MD
LG