Ссылки доступа

Өзбекстанда шахмат ойнау кеңінен насихатталмақ


Өзбекстан президенті Шавкат Мирзияев елде шахмат ойынын дамыту бойынша 2025 жылға дейінгі мемлекеттік бағдарламаны бекітіп, мектептерде 2-3-4-сынып оқушыларына шахмат ойнауды үйретуге міндеттеді.

Ақпаратқа сәйкес, 2021-2022 оқу жылында елдің 150 оқу орнында шахмат бойынша тереңдетілген сабақтар енгізіліп, олар дене тәрбиесі аясында өткізіледі.

Мемлекеттік бағдарламада мектептерді қажетті бұйымдармен жабдықтау үшін мемлекеттік бюджеттен 7,5 млрд сум (716 мың доллар) бөлу қарастырылған. Бұдан бөлек 1000 мектепке шахмат бойынша 18 сағаттық оқу жоспарын енгізіп, оған қосымша 10 млрд сум (954 мың доллар) бөлу ұсынылған.

Президент жарлығына сәйкес, министрліктер мен мемлекеттік мекемелер жылына кем дегенде екі рет "шахмат күндерін" өткізіп, "Шахматшы отбасы" деп аталатын байқаулар ұйымдастырып тұруы керек.

Балаларға шахмат үйрету бойынша бағдарлама Грузияда 2015 жылы басталған. Оны шахмат бойынша бірнеше дүркін чемпион Гарри Каспаров әзірлеген.

Систему Каспарова – во все школы Грузии
пожалуйста, подождите

No media source currently available

0:00 0:02:32 0:00

XS
SM
MD
LG