Ссылки доступа

Адвокат: Алексей Навальныйды Химкидегі полиция бөлімінде ұстап отыр


Задержание Алексея Навального в аэропорту Шереметьево

Ресейлік оппозиционер Алексей Навальный Мәскеу облысының Химки қаласындағы полиция бөлімінде ұстап отыр. Бұл туралы саясаткердің адвокаты Ольга Михайлова Би-би-си телеарнасының Орыс қызметіне хабарлады.

Полиция бөліміндегілер саясаткердің осында екенін ауызша растаған, бірақ онымен кездесуге рұқсат бермеген.

Саясаткер Навальныйды Мәскеудегі Шереметьево әуежайында төлқұжат тексеру кезінде ұстады. Жазаны атқару федералдық қызметінің хабарлауынша, бұлтартпас шарасына қатысты сот шешімі шықпайынша ол қамауда отыруы тиіс.

Бұның алдында федералдық қызмет саясаткердің шартты жаза мерзімін бұзғанын, сол себепті ол жазаны түрмеде өтеуі тиіс екенін мәлімдеген. 29 желтоқсанда, жаза мерзімі аяқталардан бір күн бұрын, Навальныйға іздеу жарияланған. Саясаткер федералдық қызмет оны қамайтынын білді, бірақ сонда да Ресейге қайтып келді.

Алексей Навальныйды 22 тамызда Германияға медициналық ұшақпен жеткізілді. Саясаткерге "Новичок" тобына жататын у берген.

XS
SM
MD
LG