Ссылки доступа

Тәжікстанда еңбек мигранттарына арналған мобильді қосымша дайындалды (видео)


Тәжікстанның еңбек, миграция және халықты жұмыспен қамту министрлігі Ресейдегі тәжік мигранттарына көмектесетін мобильді қосымша әзірледі.

Сарапшылар мұндай қосымша аса қажет деп отыр. Билік қосымшаның сәтті жұмыс істеуі мигранттардың оны қолдану белсенділігіне байланысты деп есептейді.

Тәжік мигранттары Ресейдегі заң ережелеріне, жалақының уақытылы төленбеуіне, жұмыстан негізсіз шығарғанына көп шағымданады.

В Таджикистане разработано мобильное приложение для трудовых мигрантов
пожалуйста, подождите

No media source currently available

0:00 0:02:59 0:00

Жыл сайын жүздеген тәжік мигранты алаяқтарға алданып қалып жүр. Оларға шетелде тіршілік ету оңай емес. Бір себебі - өзге елдің заңы мен тәртібін білмеу.

Министрлік дайындаған қосымша "Мигранттарға жол көрсету" деп аталады. Онда мигранттарға арналған заң ережелері, миграцияға дейін әрбір мигрант білуі тиіс мәліметтер бар.

Ресей билігінің ресми мәліметі бойынша, жыл сайын елге 1 миллионнан астам тәжік мигранты жұмыс іздеп келеді.

XS
SM
MD
LG