Ссылки доступа

Өзбекстанда қоныс колониялары жабылып жатыр


12 қаңтарда Өзбекстанда Қашқадария облысында орналасқан бір қоныс колониясы жабылды.

Онда жаза өтеп жүргендер басқа да колонияларға ауыстырылған. Бұл туралы Озодлик радиосына сонда жазасын өтеп жүрген бірнеше адам телефонмен хабарлады.

Өзбекстан президенті Шавкат Мирзияев былтыр 29 желтоқсанда 25 қоныс колониясын біртіндеп қысқарту керек деп мәлімдеген.

– Биыл алты колония жабылады деп жоспарланған. Олар Ташкент, Жизақ, Қашқадария және Сұрхандария облыстарында орналасқан. Жазасын өтеушілердің дені босатылады, бірақ түрмеге қайтарылуы мүмкін адамдар да бар, – деді Өзбекстан ІІМ Жазаны атқару бас басқармасының бір қызметкері.

Өзбекстан ішкі істер министрлігінің 2020 жылғы тамыздағы мәліметі бойынша, елде 22,9 мың адам қамауда отыр.

Мирзияев билікке келгелі бері елуден астам танымал тұтқынды босатты. Олардың арасында оппозиционерлер, журналистер, адам құқықтарын қорғаушылар және белсенділер бар.

XS
SM
MD
LG