Ссылки доступа

Сеулдағы сот Samsung басшысын пара бергені үшін 2,5 жылға соттады


Сеулдегі сот Samsung Group басшысы Чжэ Ён Ли ісін қайта қарап, оны екі жарым жылға түрмеге қамау туралы шешім шығарды, деп хабарлады Bloomberg.

Компания басшысы сот үкісі шыға салысымен қамауға алынған. Yonhap басылымының мәліметі бойынша, Ли Оңтүстік Корея президентінің құрбысы Чхве Сунь Сильге пара берген деген айып тағылған.

2017 жылы сот оны кінәлі деп танып, бес жылға соттаған. Алайда 2018 жылы ақпанда Чжэ Ён Ли бір жылдан соң түрмеден шыққан. Апелляциялық сот оған шығарылған жазаны екі жарым жылдық шартты жазаға өзгерткен.

Жоғарғы сот бұл шешімнің күшін жойын, істі қайта қарауға жолдады. Прокуратура компания басшысын тоғыз жылға қамауын сұрады.

Чжэ Ён Ли ісі Оңтүстік Кореяда үлкен жанжалға ұласты. Ел президенті Пак Кын Хе биліктен кетуге мәжбүр болып, кейін оның үстінен де іс қозғалды.

XS
SM
MD
LG