Ссылки доступа

Бішкекте қоғамдық көлік жүргізушілері қарсылық ретінде жұмысқа шықпады


Қырғызстан астанасында жүзге жуық қоғамдық көлік жүргізушісі 18 қаңтарда жолақының төмендігіне қарсылық ретінде жұмысқа шықпады. Олар жолақыны біржарым есеге көтеруді сұрайды. Бірақ жолаушылар мұндай ақшаны төлеуге дайын емес.

Қазір Бішкекте қоғамдық көліктің жолақысы 10 сом, бұл шамамен 12 цент. Көлік жүргізушілер 15 сомға дейін көтеруді сұрайды.

Қалада шамамен 250 қоғамдық автобус бар. Ал микроавтобустар алты есеге көп.

Урбанистік инновация бойынша сарапшы Шамиль Ибрагимов қоғамдық көлік проблемасы 30 жыл болды, әлі шешілмей келеді дейді.

"Бізге жолаушыларға жайлы болатындай жүйе керек. Қазір егер мен көлікке кірсем, сығылған лимондай шығамын. Екіншіден, кептелісте ұзақ тұрмай, тез жеткізетін жүйе керек. Сол кезде жолаушылар ең бірінші қоғамдық көлікті таңдайды" – дейді Ибрагимов.

Ол астанаға ең тиімдісі метро салған дұрыс деп есептейді.

Бішкек мэрі қоғамдық көлік жүргізушілерінен мамыр айына дейін шыдаңдар деп өтінген. Бірақ бұл уақытта өзгере ме, жоқ па, уәде бермеген.

XS
SM
MD
LG