Ссылки доступа

Тәжікстанда азық-түлік бағасы бір жылда 40 процентке қымбаттады


Тәжікстанда 2020 жылы бірқатар азық-түлік бағасы 42 процентке қымбаттады, ал азық-түлік емес өнімдер бағасы алты есеге өскен.

Тәжікстанның статистика жөніндегі агенттік мәліметінше, 2020 жылы сұйық май бағасы 42,2%-ке,​ қант 40,7%,​ картоп 19,8%,​ жұмыртқа 18,9%,​ нан 13,8%, ет 5,7%,​ жеміс-жидек 4,7%, сүт 4,3%-ке қымбаттаған.

Ауыл шаруашылығы өнімдерінің бағасы 13 процентке өскен. Жеміс-жидектен лимон 24,3%-ке қымбаттаған.

Өндіріс тауарлары 5,8 %-ке өскен. Негізінен тазалық құралдары, дәрі-дәрмек, киім, аяқкиім қымбаттаған.

Былтыр көктемде коронавирус пандемиясына байланысты азық-түлік импорты тоқтаған кезде, тұрғындар жаппай азық-түлік сатып ала бастаған. Сол кезде ұн бағасы 160-190-дан 300 сомониге бір-ақ өскен. Кейін бір қабы 220-235 сомониға түсті.

Өлкеде инфляция деңгейі бір жылда жоспарланған 7%-тен 9,4%-ке қымбаттаған.

Экономикалық шолушы Пайрав Чоршанбиев азық-түліктің көбі сырттан әкелінеді, сол себептен баға қымбаттады дейді. Оның сөзінше, отыз жыл ішінде Тәжікстан өндірістік елге айнала алмады.

XS
SM
MD
LG