Ссылки доступа

Өзбекстанда шенеуніктер мемлекетке 500 млрд сум шығын әкелген


Өзбекстанда былтыр 1723 жоғары лауазымды шенеунік жауапқа тартылған. Бұл жөнінде өлкенің бас прокуратурасы мәлімдеді.

Ресми мәлімет бойынша, олардың 132-cі коррупция бойынша айыпталған.

58 шенеунік қызметін асыра пайдаланды деп сотталса, 227-сі алаяқтық бабы бойынша жазаға тартылған. 835 лауазымды тұлға біреудің мүлкін тартып алды, талан-таражға салды деп айыпталған.

Нәтижесінде жоғары лауазымды тұлғалар мемлекетке 500,1 млрд сум ($47,6 млн) шығын әкелген. Тергеу кезінде бұл қаражаттың 355,7 млрд сумы ($33,8 млн) өндіріп алынды.

XS
SM
MD
LG