Белгілі болғандай, елдің денсаулық сақтау министрі Түркіменабадтқа барған сапары кезінде коронавируспен ауырған дәрігерлерді онымен кездестірмеуге тырысқан.
Бұл аймаққа министр келерден бір күн бұрын аурухана дәрігерлерінен, еден жуушылардан коронавирус белгілерін анықтаған. Аурухана басшылары өз қызметкерлерін емдеуден бас тартып, жұмысқа шықпауды тапсырған. Азаттық тілшілеріне басшылықтың аты-жөндері белгілі. Бірақ дереккөздің қауіпсіздігін қорғау мақсатында жарияламайды.
Азаттық тілшісі хабарлағандай, ауруханаларда бос орын жоқ.
Желтоқсан айының басында жедел-жәрдем көмегіне жүгінген науқастарды мәжбүрлеп емдеген. Ал қазір көбін үйіне қайтарып жатыр.
Түркіменстан билігі елінде коронавирус белгілерімен ауырғандар және қайтыс болғандар саны көбейгенімен, COVID-19 вирусы анықталмады деп келеді.