Ссылки доступа

Тәжікстанда әскери қызмет орнына салық енгізуі мүмкін (видео)


Тәжікстан парламентіндегі қорғаны және қауіпсіздік комитетінің басшысы Рустам Шомурод шұғыл әскери қызмет орнынан салық енгізуді ұсынды.

В Таджикистане могут разрешить платить госпошлину вместо службы в армии
пожалуйста, подождите

No media source currently available

0:00 0:03:44 0:00

Тәжікстан парламентінің қорғаныс комитеті "Әскери қызмет туралы" заңға өзгеріс енгізуді ұсынды. Заңның жаңа мәтіні парламент сайтында жарияланды. Әскерде қызмет атқарғысы келмегендер мемлекет бюджетіне салық төлей алады. Олар резерв қатарын толықтырады. Салық төлеу тәртібі әзірге белгісіз.

Душанбе тұрғындарының дені депутаттардың бұл ұсынысын қолдап отыр. Тәжікстандықтар әскерге барғысы келмейді, өйткені онда әлімжеттік әлі күнге дейін жойылған жоқ. Оның үстіне әскердегі сарбаздарға жағдай жасалмаған. Тұрғындардың айтуынша, әскерден құтылудың жолдары қазір де бар, бірақ ол үшін заң бұзу керек болады.

"Әскери қызмет туралы" жаңа заң жобасы қашан жарияланатыны белгісіз. Елдегі адам құқығын қорғаушылар заң жобасын әзірлеуге азаматтық қоғамды да тарту керек деп есептейді, әйтпесе жаңа заң Тәжікстан бюджетін толтырудың тағы бір әдісіне айналып кетуі мүмкін.

XS
SM
MD
LG