Оның айтуынша, референдум мен жергілікті кенеш сайлауын бірге өткізу туралы ұсыныстар түсіп жатыр, бірақ түпкілікті шешім әлі қабылданған жоқ.
"Жоспар бойынша жергілікті кеңес сайлауы 11 сәуірде өтуі тиіс. Референдум туралы нақты айта алмаймыз, өйткені Конституция әлі талқыланып жатыр. Бірақ екеуін бірге өткізетін шығармыз. Әзірге біз өткен сайлау мен референдумның түпкілікті нәтижесін шығарған жоқпыз", - деді Изреков.
Бұның алдында Конституциялық құрылтай төрағасы Бекбосун Борубашев "Азаттыкқа" берген сұхбатында сайлау мен референдум бір күнде өтуі мүмкін екенін айтқан.
Қырғызстанда қазан оқиғасынан соң билік ауысып, мерзімінен бұрын президент сайлауы мен билік формасы жөніндегі референдум бірге өтті. Сайлаушылардың 80 пайызы президенттік басқару формасын таңдады.
Енді Конституцияның жаңа жобасы референдумға шығарылады.