Ссылки доступа

Навальныйдың Коррупцияға қарсы күрес қоры "Путин сарайы" зерттеуін жариялады (видео)


"Путин сарайы"
"Путин сарайы"

Коррупцияға қарсы күрес қоры Владимир Путиннің Геленджик қаласы жанындағы сарайы жайында материал жариялады. Бұл зерттеу Коррупцияға қарсы күрес қорының негізін қалаған Алексей Навальный Германиядан Ресейге келгеннен кейін 30 тәулікке қамалған күні жарияланды.

Зерттеу жұмысы Навальный ұсталғанға дейін дайындалған. Бұл деректі фильм 2 сағатқа созылады, фильмді дайындауға Навальныйдың өзі қатысқан.

"Путин сарайы" Қара теңіздің Геленджик жағалауында 2005–2010 жылдары салынған. Бұл сарайдың президент үшін салынғанын 2010 жылы кәсіпкер Сергей Колесников мәлімдеген. Ол жоба құнын 1 млрд долларға бағалаған. Бұл сарай жайында БАҚ, оның ішінде Азаттықтың орыс қызметі бірнеше рет жазған.

Коррупцияға қарсы күрес зерттеуінде сарайды қаржыландыру схемасы жан-жақты айтылған, сонымен бірге оның интерьері де көрсетілген.

"Бұл Ресейдегі ең қорғалатын нысан. Былайша айтқанда, мемлекет ішіндегі мемлекет. Бұл Путиннің ең үлкен құпиясы. Нысанды жүздеген, тіптен мыңдаған адам күзетеді. Фильмде сарайдың құрылысын тарихтағы ең үлкен жемқорлық деп атайды.

Человек, который построил "Дворец Путина"
пожалуйста, подождите

No media source currently available

0:00 0:01:36 0:00

"Путин сарайы" жөнінде Монако князьдығын еске түсір дейді? Ол Путин сарайына қарағанда әлдеқайда кіші дейді. Мұнда 39 Монако князьдығы сыйып кетеді дейді. Сарайды жермен де, теңіз арқылы да, ауамен де бара алмайтындай етіп салған. Бірақ зерттеушілер оны дрон арқылы түсіре алған.

Мәлім болғандай, онда жерасты мұзды сарай, шіркеу және 80 метрлік көпір де бар. Сарайдан теңізге шығатын тюннель салынған.

Сарайда қазір жөндеу жұмыстары жүріп жатыр екен. Себебі, қабырғалары көгеріп кеткен. Жанынан қосымша нысандар салынып жатыр.

Путиннің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков зерттеу фильміне қатысты "Подъем" басылымына сұқбат беріп, мемлекет басшысының ешқандай хан сарайы жоқ екенін айтты: "Бұл ескіріп қалған пластинка. Біз Путиннің ешқандай хан сарайы жоқ екенін көп жыл бұрын түсіндіргенбіз". Кремль осыған дейін де Путиннің Геленжик жанындағы хан сарайына еш қатысы жоқ екенін мәлімдеген.

44 жастағы Алексей Навальный - орыс билігін сынап келе жатқан тұлға. Ол биліктегі лауазымды тұлғалардың коррупциялық істерін зерттеу арқылы әшкерелеп, президент Владимир Путин бастаған билікті сынға алып келеді. 2020 жылдың тамызында өзін уландырудың артында Ресейдің Федералдық қауіпсіздік қызметі тұрғанын айтқан болатын.

XS
SM
MD
LG