Ссылки доступа

Қазақстандағы әскери институттан екі тәжік курсанты шығарылды


Әскери институт Петропавловск (Солтүстік Қазақстан облысы) қаласында орналасқан.

Қазақстанның Ұлттық гвардиясына қарайтын Әскери институт тәжікстандық екі курсантты оқудан шығарды.

Курсанттар Зиёратшо және Аваз Курбоновтардың айтуынша, олар қазақстандық курстастары тарабынан сабалған. Бірақ институт басшылығы тексеруінде, олардың өздерін кінәлі етіп қойған.

"6 қаңтарда қазақстандық курсанттар маған еденге жат деді. Мен лейтенант болып, олардан әскери дәрежем жоғары болғандықтан, бас тарттым. Осыдан кейін Бакитбеков атты курсант бізге былапыт сөздер айтты, кейін төбелес басталып кетті. Кейін офицерлер келип бізді ажыратып алды", - деді Аваз Курбонов.

Оның айтуынша, сол түні 160-қа жуық қазақстандық курсант казармадағы жарықты сөндіріп, тәжікстандық 10 курсантты қатты сабаған.

Осы оқиғадан кейін оқу орны орналасқан Петропавловск қалалық соты қазақстандық курсанттардың бірінің арызы негізінде Аваз Курбоновты "Әдейілеп денеге ауыр зардап тигізді" бабы бойынша кінәлі деп тауып, 100 доллар көлемінде айыппұл төлеуге міндеттеген.

Сот шешімінен кейін институт басшылығы оларды оқудан шығарған.

Бүгінде аталған әскери институтта тәжікстандық 37 курсант білім алып жатыр. Оларды бұл оқу орнына Тәжікстанның ішікі істер министрлігі жіберген.

XS
SM
MD
LG