Ссылки доступа

Түркіменстан Орталық Азияда бірінші болып "Спутник V" вакцинасын тіркеді


Sputnik V (Gam-COVID-Vac) вакцинасы
Sputnik V (Gam-COVID-Vac) вакцинасы

Түркіменстанның денсаулық сақтау министрлігі 18 қаңтарда Ресей өндірген "Спутник V" вакцинасын тіркеуге алып, тиісті сертификат тапсырды. Бұл туралы елдің сыртқы істер министрлігі мен Ресейдің Тікелей инвестициялар қоры хабарлады.

Ақпаратқа қарағанда, вакцина Түркіменстанда қосымша клиникалық сынақтарсыз шұғыл қолдану үшін мақұлданған.

Осыған дейін "Спутник V" вакцинасы Алжирде, Аргентинада, Боливияда, Сербияда, Палестинада, Венесуэлада және Парагвайда шұғыл қолдану үшін тіркеуге алынған.

Түркіменстан - COVID-19 өз аймағында бар екенін терістеп келе жатқан БҰҰ-ның жападан жалғыз мүшесі.

Былтыр тамызда ДДСҰ елде пневмониядан қайтыс болып жатқандардың саны артуына алаңдаушылық білдіріп, ресми Ашғабадқа коронавирусты анықтайтын тестілер жүргізуді ұсынған.

XS
SM
MD
LG