Ссылки доступа

Тәжікстан 2025 жылға дейін жарық ақысын төлеудің биллиң жүйесіне өтеді


Тәжікстанның жеті өңірінде электр қуатын есептейтін жаңа құрылғы орнатылып жатыр. Жобаға Азия даму банкі қолдау көрсетті.

Жаңа есептеуіш құрылғылары алдын ала төлем жүйесімен жұмыс істейді, яғни тұрғындар жарық ақысын төлегеннен кейін ғана электр қуатын алады.

Биліктің пікірінше, осы жүйе енген соң халық жарық үнемдеуді үйренеді, электр шығыны 7,3% азаяды.

Азия даму банкі Тәжікстандағы бұл жобаны жүзеге асыру үшін 105 млн доллар бөлді. Жобаға сәйкес, тәжік билігі 52 млн долларға Душанбе, Пенджикент, Истаравшан, Исфара, Канибадам, Бустон қалалары мен Дангара ауданындағы жеке секторларға 398 мыңнан астам жаңа құрылғы орнатуы тиіс.

Одан соң электр қуатын сату биллиң жүйесімен жүргізіледі. Әрбір абонентке арнайы карта беріледі, тұтынушы сол картаға ақша салады, электр қуаты картада ақша болған кезде ғана беріледі. Картада ақша болмаса, бұл абононт автоматты түрде жарықтан ажыратылады.

Тәжікстанның кейбір аймақтарында осындай жаңа құрылғы орнатылған. Тұрғындар оның ыңғайлы екенін айтқанмен, тұрақты табыс болмаған соң екі-үш күн жарықсыз отырған күндер болғанын жасырмады.

XS
SM
MD
LG