Оның айтуынша, қарт кісілерге вакцина салу ерікті түрде жүргізіледі.
18 қаңтарда Өзбекстан билігі америкалық Pfizer компаниясы мен немістің BioNTech компаниясының 100 мың доза Comirnaty вакцинасына тапсырыс бергені мәлім болды.
Ботиржон Курбоновтың айтуынша, ол елу мың адамға екі рет егуге жетеді.
Курбонов Comirnaty вакцинасын минус 70 градус температурада сақтау керектігін айтты.
Ресми мәлімет бойынша, Өзбекстанда 34,5 миллионнан астам адам тұрады. Өзбек билігінің есебі бойынша, 2021 жылдың жазына дейін халықтың 60 пайызы коронавирусқа қарсы егуден өтуі тиіс.