Ссылки доступа

Қырғызстанның оңтүстігінде есірткі дайындауға арналған аммиак партиясы тәркіленді


19 қаңтарда Ош қаласында ауыр есірткі затын дайындауға арналған ірі көлемдегі химиялық заттар жүгі тәркіленді. Бұл туралы Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитетінің баспасөз қызметі хабарлады.

Хабарларға қарағанда, арнайы қызмет 42 жәшік химиялық зат тәркілеген. Жүктің жалпы салмағы 1 тоннадан асады.

Жәшіктердегі сұйықтықтың аммиак екені анықталды. Оны амфетамин дайындау үшін қолданады. Химиялық зат шектеу қойылған заттар қатарында. Оған халықаралық және ұлттық бақылау орнатылған.

Жүк иесі ұсталып, тергеу абақтысына қамалды. Тергеу жүріп жатыр.

XS
SM
MD
LG