Ссылки доступа

Өзбекстанда ЖЭС жарылып, үш адам қайтыс болды


20 қаңтар кешкісін Ташкент облысындағы Жаңа-Ангрен жылу электр станциясының 5-энергоблогында жарылыс болды.

Өзбекстанның төтенше жағдайлар министрлігі хабарлағандай, апаттан үш адам қайтыс болып, тағы үшеуі түрлі дене жарақатын алған.

Олар 5-энергоблокта профилактикалық істерді жүргізіп жатқан кәсіпорынның жұмысшылары болған.

Қазір жарылыс себептері зерттеліп жатыр.

Апатты жағдай кезінде Жаңа Ангрен ЖЭС-тің инфраструктурасы мен техникалық жабдықтарына зиян келмеген.

Осыған дейін Озодлик радиосы екі апта бұрын Талимаржан жылу электр станциясының екі қазаны шұғыл түрде ісін тоқтатқанын, осыған байланысты Қашқадария облысының бірқатар аймақтары мен қалалары жарықсыз қалғанын мәлімдеген.

XS
SM
MD
LG