Ссылки доступа

Тәжікстанда мешіттер 1 ақпаннан жұмыс істей бастайды


Тәжікстанда Коронавирусты алдын алу бойынша республикалық штаб 1 ақпаннан бастап мешіттерде жамағатпен намаз оқуға рұқсат берді. Мешіттер сәуірде коронавирус инфекциясының кең таралуын тоқтату мақсатында жабылған.

20 қаңтарда жарияланған шешімге сәйкес, дін комитеті, ислам орталығы және денсаулық сақтау министрлігіне намаз кезінде жеке және қоғамдық тазалық ережелерін сақтауды қамтамасыз ету үшін тиісті шараларды қабылдауға тапсырма берілді.

Жұма намазға барар кезде адамдар гигиеналық ережелерді сақтап, міндетті түрде медициналық маска тағуы керек.

Бұл талаптар атқарылмаған жағдайда, мешіттер ісіне тыйым салынады.

Тәжікстанда төрт мыңдай мешіт тіркеуден өткен. Мешіттер 2020 жылдың 18 сәуірінен қазіргі күнге дейін жабық тұр.

XS
SM
MD
LG