Ссылки доступа

Facebook Қырғызстанда жалған мәлімет таратқан жүзге жуық аккаунтты жапты


Facebook Қырғызстанда жалған мәлімет таратқан жүздеген аккаунтты жапқанын мәлімдеді.

Жабылған аккаунттар 2020 жылы парламенттік және 2021 жылы өткен президент сайлауы науқаны кезінде бірқатар саясаткерлерді қолдаса, енді бірі үзбей сынап отырған.

Facebook мәлімдемесіне сәйкес, жергілікті медиа мекемеге байланысы бар деп есептелген Facebook-тағы 121 аккаунт, 46 парақша, жеті топ және Инстаграмда 41 аккаунт болған.

Мәліметке сәйкес, жабылған аккаунттардың, парақшалардың, топтардың бірқатары ақпарат айданында жүргендерге, үкіметте істегендерге және "Media Center" атты медиаға қатысы болған.

"Media Center" мекемесін 2019 жылдың аяғында бұрынғы мемлекет басшысы Сооронбай Жээнбековтің парламенттегі депутат інісі Асылбек Жээнбеков төраға болып тұрғанда, спикердің баспасөз хатшысы болған Нуркан Керимбаев ашқан.

Керимбаев бір кезде "Кабар" ұлттық ақпарат агенттігінің жетекшісі орынбасары болып істеген. Асылбек Жээнбеков былтыр қазанда қорытындысы жоққа шығарылған парламенттік сайлауға "Биримдик" партиясымен барған.

Бұдан бөлек Facebook тағы бір топ ондаған аккаунттарды жойды.

"Клооп" басылымының редакторы Рустам Халиловтың айтуынша, қандай да бір медиада журналистік зерттеу жарияланған кезде, сайттың парақшалары тролльдар армиясының шабуылына қалады.

"Тәжірибесі жоқ интернет қолданушылары жалған мәліметке сеніп қалуы мүмкін. Бірақ бізге олардың фейк екені белгілі болып тұрады. Олардың әрқайсысы әртүрлі саяси күштердің мүддесіне жұмыс істейді", - дейді Рустам Халилов.

"Клооп" басылымы интернеттегі күдікті аккаунттар бойынша Facebook компаниясына шағымданған. "Kaktus media", "Temirov Live", "Клооп" және Азаттық медиалары әлеуметтік желілерде қаптаған фейктер, тролльдар және боттар бойынша зерттеу жүргізіп келеді.

Facebook удалил сотни аккаунтов троллей, связанных с властями Кыргызстана
пожалуйста, подождите

No media source currently available

0:00 0:03:47 0:00

XS
SM
MD
LG