Ссылки доступа

Еуропаның даму және қайта құру банкі былтыр Өзбекстанға жарты млрд доллар несие берген


Еуропаның даму және қайта құру банкі 2020 жылы Өзбекстанға 521 млн доллар несие берген.

Банктің хабарлауынша, қаражат Өзбекстанда 18 жобаны жүзеге асыруға бөлінген. Республика бұл ақшаны банк секторын дамытуға, шағын және орта бизнеске, инфрақұрылымды жетілдіруге жұмсауы керек болған.

Атап айтқанда, 220 миллион доллар Өзбекстан Ұлттық банкіне, Асака банкке, Ипотека банкке және Узпромстройбанкке аударылған.

Өзбекстанның жасыл энергияға өтуін қолдау мақсатында Еуропаның даму және қайта құру банкі Навои облысында күн сәулесі электр станциясының құрылысына несие берді. Сонымен бірге банк Сұрқандарияда су және жарық инфрақұрылымдарын жетілдіруге 150 миллион доллар несие бөлді.

Бұған қоса, Еуропаның банкі жеке сектордағы жобаларға 55 миллион доллар несие аударған. "Корзинка" сауда желісі 40 миллион доллар алса, 12,5 миллион доллар несие "Indorama Kokand" компаниясына бөлінген.

XS
SM
MD
LG