Ссылки доступа

Душанбедегі ең ірі "Корвон" базарын жөндеп жатыр


Рынок "Корвон"
Рынок "Корвон"

Тәжікстан астанасында бұған дейін бірнеше мәрте өрткенген "Корвон" базарын жөндеп жатыр.

Базарда болған өрттерден кәсіпкерлер көп шығынға батты. Ең үлкен өрт 2012 жылы тірелді. Сол кезде базардағы 2 мың 250 дүкен өртеніп кеткен еді.

"Корвон" базарының инспекторы Умед Рахмонов қазір базардың әрбір сауда нүктесінде өрт қауіпсіздігі жүйесі орнатылғанын айтты. "Өрт шыққанда біз жедел хабар алып, оны сөндіру үшін тез әрекет етеміз", - дейді Рахмонов.

Жоба бойынша, базардың екі жағына жол түседі. Сол үшін базар маңындағы 78 тұрғын үй сатып алынған.

Базар директоры Халима Мавлонованың айтуынша, бұрын "Корвонда" жеті есік болса, енді оған 24 жерден кіруге болады. "Олар өрт сөндіру көліктері өтетіндей кең болады", - дейді базар директоры.

Бұған қоса базарда бақылау камералары орнатылады.

Рынок "Корвон": с новым обликом исчезнут старые проблемы?
пожалуйста, подождите

No media source currently available

0:00 0:02:01 0:00

XS
SM
MD
LG