Заңға сәйкес, жұмыссыздық үшін төлемақы бір жыл ішінде ең көп дегенде 26 аптаға ғана төленеді. Соңғы 12 ай ішінде жұмыссыз қалған азаматтарға бұрынғы жұмысындағы орташа айлықтың 50% төленеді. Бұл сома 679 330 сумнан (65 доллар) көп болмауы керек.
Бұдан бөлек бір жылдан астам уақыттан бері жұмыссыз болып, бірақ қайта жұмысқа орналасуға әрекет етіп жүрген азаматтар орташа айлықтың 1%, бірінші рет жұмыс іздеп жатқандар кемінде 75% алуға құқықты болады.