Мәліметке қарағанда, былтыр соңғы 11 айда Қырғызстан көрші елге 10,4 мың бас ірі мүйізді және 36 мың бас ұсақ мал экспорттаған.
Былтыр Қырғызстанның мал экспортының 98% Өзбекстанға тиесілі болған.
2020 жылдың қараша айында қырғыз үкіметі малды сыртқа сатуға уақытша тыйым салды. Ауыл шаруашылығы министрлігі мұны азық-түлік қауіпсіздігімен түсіндірген. Бұл шектеу бірқатар фермерлердің наразылығын туғызған.
Қырғызстан мен Өзбекстан арасындағы шекара көлемі 1378 шақырымды құрайды, бірақ оның 15 проценті әлі белгіленбеген. Ала-Бука ауданы тұрғыны бірқатар белгіленген аймақтардың өзінде ешқандай шектеу қойылмағандықтан, көрші елге мал айдау жеңіл дейді жергілікті тұрғындар.
Ресми статистика бойынша Қырғызстанда 2020 жылы азық-түлік 17,6%, ет 26,3%-ке қымбаттаған. Жылдың екінші жартысына дейін 350 сомнан сатылған ет бағасы жыл соңында 450-500 сомға дейін жеткен.