Ссылки доступа

Өзбекстанда жарылыс болған ЖЭС цехының басшысы өлі күйінде табылды


Өзбекстанда Жаңа-Ангрен жылу электр станциясы цехының басшысы С. Ш. 23 қаңтарда өз үйінде өлі табылған. Бұл жөнінде Gazeta.uz дереккөзіне сілтеме жасап хабарлайды.

Бұл ақпаратты елдің бас прокуратурасы растады.

40 жастағы азамат 20 қаңтарда жарылыс болған цехты басқарған. Жарылыс кезінде үш адам қайтыс болған.

Дереккөз мәліметінше, С. Ш. өзіне қол жұмсардан бір күн бұрын тергеуге шақырылған.

Ангрен прокуратурасы цехтағы жарылысқа байланысты жұмысшылардың қауіпсіздігін қорғау ережесі бұзылды деп қылмыстық іс қозғаған. Кейін іс Ташкент облыстық тергеу басқармасына берілген.

Өзбекстанның энергетика министрлігінің мәліметінше, Жаңа-Ангрен ЖЭС қайтыс болғандардың отбасына 10 мың доллардан өтемақы төлеген. Бұдан бөлек марқұмдарды жерлеу рәсіміне кететін шығындарды өтеу үшін 500 доллардан алған.

XS
SM
MD
LG