Ссылки доступа

Тәжікстанда күш құрылымдары наразылықты басу бойынша оқу-жаттығудан өткен (видео)


Соғды облысының құқық қорғау органдары жаппай наразылықты басудың жолдарын оқып-жаттыққан. Тәжікстан ІІМ хабарлағандай, жаттығу 21 қаңтарда Хоженттегі әскери бөлімде болған.

Оқу-жаттығу кезінде шартты демонстранттар электр энергиясының жиі сөнуіне қарсы шыққан, милиция өкілдері наразылықтың белсенді өкілдерін ұстап, қалғандарына су бүркіп, көзден жас ағызатын газ шашып, тарқатқан.

ІІМ мәліметінше, бір аптаға созылған жаттығу қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге, тұрғындардың өмірін қорғауға, митинг кезінде қоғамдық және мемлекеттік мүліктерді сақтауға бағытталғаны айтылады.

Тәжікстанда 20 жылға жақын уақыттан бері қазан айынан сәуірдің ортасына дейін азаматтарға электр энергиясын беруде шектеулер болып келген. 2017 жылы бірінші рет қыста шектеу болған емес. "Барки точик" компаниясы шағын ГЭС-тер және ЖЭС салынғанын, бұлар электр энергиясын үнемдемей пайдалануға мүмкіндік беретінін жеткізген. Бірақ 2020 жылдың аяғынан бері электр энегриясына қайтадан шектеу енгізілді.

В Худжанде силовики отработали методы подавления протестов
пожалуйста, подождите

No media source currently available

0:00 0:02:08 0:00

XS
SM
MD
LG