Ссылки доступа

Израиль халықаралық әуе қатынасын бір аптаға үзді


Израиль келесі аптаға дейін халықаралық әуе қатынасын тоқтатты. Бұл туралы жексенбіде Биньямин Нетаньяху үкіметі хабарлады.

Премьер-министрдің айтуынша, Израиль азаматтары елге кіріп-шығуы үшін олардың өте маңызды себебі болуы тиіс.

Израильде пандемия басталған кезде-ақ елге кіргізу тәртібін күшейткен. Енді үкімет мемлекетке коронавирустың жаңа штаммын кіргізбейдің жолдарын қарастырып жатыр.

Израиль әлемде коронавирусқа қарсы егу науқаны бойынша бірінші орында тұр. Халықтың кем дегенде 25 пайызы вакцинаның бір дозасын қабылдаған. Жексенбі күні билік 16-18 жастағы жасөспірімдерге де вакцина салынатыны жарияланды.

Қазір елде қатаң карантин жұмыс істеп тұр. Ол кем дегенде қаңтардың аяғына дейін созылады.

XS
SM
MD
LG